Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы "Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі" ЖШС - Басты

 

 

 

Іздеу

Кіру

Жаңалықтар

Сәуір айының 15-16 сы күндері «Кәсіби бағдар беру жұмыс тобы» оқытушылары Бердиева Гүлзар Қосаманқызы,Набигалиева Махаббат Даулеткалиевна және Бисариева Макпал Саматовнаның ұйымдастыруымен облысымыздың алты ауданына, атап айтатын болсақ, Теректі ауданы, Тасқала ауданы, Жәнібек ауданы, Қаратобе ауданы, Бөрлі және Бөкейорда аудандарының барлық мектептерінің түлектеріне Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің мамандықтары туралы ақпарат берілді. Зум қосымшасы арқылы өткен конференциялар кезінде мектеп түлектері және олардың ата-аналары мен ұстаздары өздерінің көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына жауап алды.

Колледж қызметкерлері мен бірге ерікті студенттер айналамыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға белсенділік танытуда. "Емдеу ісі" мамандығы еріктілері, соның ішінде ЕІ-17 топ студенттері санитарлық талаптарды сақтай отырып, колледж аумағын тазалау жұмыстарына белсенді қатысты.

Игі шара алдағы уақытта да жалғасын тауып, теректер мен гүлдер отырғызу, абаттандыру шараларына ұласпақ.

«Жастай түссең пәк ғылымның жолына, Өмір бойы бақыт сенің қолыңда», - деп Жүсіп Баласағұнжырлағандай, жас оқытушылардың теориялық білім деңгейін практикада қолдану аясын саралау және ерекшеліктеріне назар аудару арқылы оқытушы беделінің жоғарылауына, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына жол ашу, жүйелі әдістемелік қызметін жетілдіру мақсатында «Кәсіби біліктілік бүгіннен басталады»атты жас оқытушылар апталығы ұйымдастырылды.

15.04.2021ж. Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Азамат» дебат клубы мүшелерінің қатысуымен студенттердің патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін нығайтып, ораторлық қасиеттерін және сөз шеберлігін, өз пікірін анық айту қабілеттерін дамыту мақсатында «Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.

14.04.2021ж студенттер арасындағы құқықбұзышылық жағдайларының алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандар мен жатақхана студенттріне арналған тәртіп бұзушылықтың алдын алуға бойынша мамандармен кездесу профилактикалық шарасы ұйымдастырылды. Онлайн өткен шараға Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Гайсин Убиш Серикұлы қатысып, студенттерге құқықбұзышылық жағдайларының салдары, жолда жүру ережесін сақтау туралы айтып, қазіргі шектеу шараларына байланысты жасөспірімідердің бас санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтау керектігін түсіндірді.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МКК-ның ұйымдастыруымен өткізілген «Фармация» мамандығы бойынша білім алатын бітіруші түлектер арасындағы «Үздік фармацевт - 2021» Республикалық кәсіби онлайн сайысына Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінен ФТ-31 тобының білім алушысы Таңатова Аружан қатысып, біліктілігін көрсете білгені үшін арнайы сертификатқа ие болды.

FaLang translation system by Faboba

Басқа мақалалар